Атырау, 7 мамыр 02:39
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ұрылар металл қабылдау қосыны арқылы табылды

2 121 просмотра

27 наурызда Атырау қаласы ІІБ-ның кезекші бөліміне Атырау-Орал тас жолы бойында салынып жатқан нысан иесінен «Татра УДС» экскаваторының ұрланғаны жөнінде арыз түсті.

Жәбірленуші экскаватордың наурыздың 24-і мен 27-сі аралығында ұрланғандығын хабарлады. Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде бір тәулік ішінде машинаның Азаттық даңғылы бойындағы металл қабылдау қосынында тұрғандығы анықталды және оның бөлшектеніп үлгергендігі белгілі болды.

Техниканы қосынға тапсырған екі ұры оның иесі ретінде қолхат жазған және металл қабылдау қосынының талаптарына сәйкес қабылдаушыға жеке бас куәліктерін көрсетуге мәжбүр болған. Сол себепті олар көп ұзамай-ақ полицияның қолына түсті. Бұл Атырау қаласының 39 және 34 жастағы тұрғындары болып шықты.

ҚР ҚК 188-бабының 2-ші тармағы 1,3-тармақшасы («Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен көлік құралына заңсыз кiруі») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шығынды анықтау үшін тауарлық сараптама тағайындалды. Ұсталғандар уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 наурыз 2016, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.