Атырау, 26 қараша 22:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Трамптың сайлауалды штабы басшысы тұтқындалды

1 551 просмотра

Фото: azattyq.orgАҚШ-та президент сайлауына Республикашыл партия атынан түсуге кандидат Дональд Трамптың сайлауалды штабының жетекшісі Кори Левандовски тұтқындалды. Левандовскиді америкалық Breitbart ақпараттық сайтының тілшісі Мишель Филдс өзін Дональд Трамп баспасөз конференциясын аяқтаған кезде сұрақ қоймақ болғанда қолын қағып, ауыртты деп айыптаған.

Филдс оқиғадан соң полицияға шағымданып, қолының қанаталап кеткенін көрсетіп, Левандовски өзін Трампқа жолатпаудың дөрекі амалдарын жасағанда теңселіп, құлап қала жаздағанын айтқан.

Бұған дейін Трамп Филдс бұл шағымды қолдан ұйымдастырылған деп мәлімдеген. 29 наурызда оқиғаның видеожазбасы таралған соң Трамп сайлауалды штабының басшысы қызметінен бас тартпайтынын және "адамдарын далаға тастамайтынын" айтты. Левандовскидің адвокаты оның "кінәлі емес екенін" және сот оны ақтайтынын айтады.

Трамптың қарсыластары сайлауалды кампанияда бұл оқиғаны пайдаланып, Республикашыл негізгі кандидатты қатаң сынады. "Бұл Трамптың әуелде жеке басты қорлауғаі тиісуге, енді келіп кәдімгідей күш көрсетуге құрылған кампаниясы стилінің нәтижесі. Біздің демократияда мұндай мінез-құлыққа орын болмауы тиіс" деді сенатор Тед Круз.

Огайо штатының губернаторы Джон Кейсик Трампты сайлауалды штабының басшысын қызметінен босатуға шақырды. Демократиялық партия атынан кандидат Хиллари Клинтон мұндай айыптаудың салмағы ауыр екенін және оған Трамп штабы жауап беруі тиіс екенін мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org

30 наурыз 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.