Атырау, 7 мамыр 00:09
 ашықВ Атырау +19
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

360 миллиондық жалған шоттар

2 394 просмотра

Атырау қалалық №2 соты қаладағы жеке кәсіпкерліктің бірінің басшысына қатысты ҚР ҚК-нің 216-бабы («Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау») бойынша қылмыстық істі қозғады.

Сотқа дейінгі тергеу ісімен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі айналысты. Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Батырбек ЮСУПОВТЫҢ айтуынша, ЖК жалған тұлғаларға тіркелген түрлі шаруашылық субъектілерінің атынан шот-фактуралар жасаған. Іс жүзінде қызметтер немесе тауарлар бойынша ешқандай нақты келісімдер жүргізілмеген, бүкіл коммерциялық қызмет тек қағаз жүзінде болған. Жедел-іздестіру шарасы барысында алаяқтар ұсталды. Олар 11 000 000 теңгеге жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін ақша алған. Жалған шоттардың жалпы сомасы 362 000 000 теңгеден астам ақшаны құрады.

Сот ЖК басшыларының бірін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға, тағы екі фигуранттың 3 жылға бас бостандығын шектеуге, төртінші қатысушыға 3 000 АЕК (6 363 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
30 наурыз 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.