Көрнекі сурет.Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Теңізшевройл» компаниясына 2015 жылы алауларда шикі газды шектен тыс жаққаны үшін айыппұл салды.
ТШО-ны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін және қоршаған ортаға келтірілген залал сомасын өндіру үшін облыстық экология департаментіне ұсыныс енгізілді. Табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз релизінде хабарланғандай, компаниядан 228 млн-нан астам теңге өндіріліп алынды.
Мұрат СҰЛТАНГАЛИЕВ