Атырау, 5 желтоқсан 13:10
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жылыой аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары ұсталды

4 451 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті таратқан баспасөз релизінде хабарланды.

«Департамент қызметкерлері жеке кәсіпкерден қорқытып пара алу фактісіне байланысты Жылыой аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары майор Д.Ахиповтың қылмыстық қызметін құрықтады. Ахипов Д. лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, жеке кәсіпкер Т-дан Құлсары қаласының орталық базарында халық тұтынатын тауарларды сататын жерлердегі оның қызметкерлеріне тиіспеу үшін, сондай-ақ, жалпы қамқорлық жасағандығы үшін қорқытып пара алып отырғандығы анықталды».

Әрі қарай, 25 наурызда Ахипов аталмыш кәсіпкерден 30 мың теңге мөлшерінде пара алу кезінде ұсталды деп хабарланады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 наурыз 2016, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.