Атырау, 18 қазан 15:49
 дождьВ Атырау +19.2
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

«Бейбарыс» финалға шықты

2 034 рет қаралды

«Бейбарыс» хоккей командасы жартылай финалдық ойындардың бесінші матчында петропавлдық «Құлагерді» 1:0 есебімен жеңіп шығып, ойын сериясында төртінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, «Бейбарыс» ел чемпионатының финалына шықты.

Матчтың 19-шы минутында қарсылас қақпасына гол салған Алексей РЫЖИХ бұл кездесудің батыры болды. Қатар өткен жартылай финалда «Ертіс» - «Арлан» ойын сериясы бойынша 3:2 есеппен павлодарлықтардың пайдасына шешті. «Бейбарыс» өзін кем дегенде күміспен қамтамасыз етіп үлгерді. Дегенмен, енді алтыннан дәмелі. Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 наурыз 2016, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.