Атырау, 26 қараша 22:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ИМ Еуропада теракті жасау үшін 600-ге дейін жауынгер дайындаған – БАҚ

1 633 просмотра

Image 0Фото: segodnya.uaАлматы. 24 наурыз. ҚазТАГ – «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы Еуропада бұған дейін Бельгия мен Францияда орын алғандай теракті жасау үшін кем дегенде 400-ден 600-ге дейін жауынгер дайындады, деп хабарлады ТАСС Associated Press (AP) ақпараттар агенттігіне жасаған сілтемесінде.

Оның дерек көздерінің ақпарынша, «Еуропада адам өліміне әкеліп соғатын бірқатар лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ, Брюссель мен Парижде соққы жасағандарға ұқсас өзара байланысты лаңкестік топтар құру үшін, ең кем дегенде 400 жауынгерді дайындаған». Саны 600-ге жетуі мүмкін экстремистерге «адам өлімі барынша көп болатындай етіп (теракті жасайтын – ҚазТАГ) уақыт пен орынды таңдап алу туралы бұйрық берілген».

Еуропалық және ирактік зерттеу қызметтерінің өкілдеріне сілтеме жасай отырып, АР ИМ-нің «Сирияда, Иракте, мүмкін бұрынғы кеңес блогы елдерінде жаттықтыру лагерьлері бар, оларда Батысқа қарсы шабуылдарға жауынгерлерді дайындап жатырғанын» атап өтті.

ЕО-дағы қауіпсіздік кеңесі қызметкерлерінің бірі АР-ға сондай ұяшықтардың бірқатарында басшылық қызметін француз тілінде сөйлей алатын, Солтүстік Африкамен, Франциямен, Бельгиямен байланысы бар тұлғалардың атқарып отырғанын мәлім етті. Олар, атап айтсақ, Еуропада терактілерді жүзеге асыру стратегиясын әзірлеуге жауап береді. Оның айтуынша, осы терактілік желілерге кіретін жауынгерлерді жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу тактикасына, жарылғыш заттарды қолдануға, із кесу техникасына және одан құтылып кету амалдарына үйретеді.

«2014 жылғы жағдайға қарағанда осы жауынгерлердің кейбірін ИМ ол кезде аз ғана уақыт ішінде дайындайтын. Ал қазір стратегия өзгерді. Ерекше жасақтар құрылды. Оларды бір аптадан да көп уақыт жаттықтырады», - деді аталмыш қызметкер.

Ол жауынгерлерге «барынша көп адамды өлтіру емес, барынша көп терактілік операцияларды жүзеге асыру» міндеті қойылатынын атап өтті. Осылайша, оның айтуынша, билік жауынгерлерге қарсы тұру үшін барынша көп қаражат пен адам ресурстарын шығын қылуға мәжбүр болады.

Еске салсақ, терактілер топтамасы Бельгия астанасында 22 наурыз күні ертеңгісін орын алды. Брюссель әуежайының ұшу залында женкешті-лаңкестер екі жарылыс ұйымдастырған. Тағы бір теракті «Маэльбек» метросының стансасында болды. Оның жанында еуроквартал деп аталатын - Брюссель ауданы бар. Ол жерде Еуроодақ кеңсесі орналасқан. Ресми ақпарға сәйкес, 31 адам қаза тауып, 300-дейі жарақаттанған.

Дереккөз: ҚазТАГ

24 наурыз 2016, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.