Атырау, 18 мамыр 16:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Спорт жаңалықтары

2 879 просмотра

БОКС

Image 0Саратовта Кеңес одағының батыры Иван Панфиловты еске алу құрметіне орай бокстан бүкілресейлік халықаралық ашық турнир өтті.

Жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Ерболат ДӘУЛЕТБАЕВ атап өткендей, жарыс жоғары деңгейде өткен. Рингте жалпы саны жүзден асатын ресей, қазақстан, Армения және Әзірбайжаннан келген былғары қолғап шеберлері кездесті. Бұл турнирде Атырау қаласынан барған өкілдер Оразбек тайшыбаев (бапкері А.бермешов) және Ержан Кенжалиев (бапкері Е.Дәулетбаев) үш жекпе-жек өткізіп, ақтық мәреге жетіп, күміс медальды жеңіп алды. Спортшылар мен олардың жаттықтырушылары ЖСШМ директоры Аманбай Қыздарбаевқа боксты дамытуға қолдау танытқаны үшін алғыс білдіреді.

Суретте: О. Тайшыбаев, Е. Дәулетбаев және Е. Кенжалиев

***

ММА

Image 1«Мұнайши» СК сәуір айында Астанада өтетін Қазақстан чемпионатына мықтыларды іріктеу мақсатында ММА (аралас жекпе-жек) бойынша облыстық III ашық чемпионат өтті.

Жекпе-жекке түрлі күрес федерациялары атынан шамамен жүздей спортшы қатысты. Осы жарыста жүлделі орынға (1-ші орыннан 3-ші орынға дейін) ие болғандар: 57 келіге дейінгі салмақта: - Фарид Имьяминов, Әділбек Садимов, Қуанышқали Құдайберген; 61,2 келі - Райымбек Дүйсенов, Джахар Шапхатов, Ержан Айтимов; 65,8 келіге дейінгі - Самат Жағпаров, Хусей Нұржан, Азамат Иманғазы; 70,3 келіге дейінгі - Данияр Даулетханов, Аманбек Шаршеналиев, Нұршат Әуелбаев; 77,1 келіге дейінгі - Исатай Теміров, Азамат Дауитов, Азамат Каштенбай; 84 келіге дейінгі – Санат Нағимов, Александр Сидоренко, Еркебұлан Қамажаев.

***

ГРЕППЛИНГ

«Атырау» денешынықтыру - сауықтыру кешенінде Ақтау қаласында сәуір айында өтетін ҚР чемпионатына іріктеу бойынша жастар мен жасөспірімдер, балалар арасында грепплингтен қалалық турнир өтті.

Турнирге шамамен екі жүздей спортшы қатысты. Өз салмақ дәрежелерінде 10-11 жас бойынша - Рамазан Тасболат, Мейрамбек Айталиев, Айдын Атауов, Ерген Жолдыбаев, Дулат Жалғас; 12-13 жас - Арсен Амангелді, Мейірман Макесов, Эльман Саматов, Денихан Зубариев, Саламат Ермеков, Әділет Сәрсенбек; 14-15 жас - Мұхамбет Ғайни, Асылхан Мүбараков, Мират Тәңірберген, Данияр Шамсутдинов, Тілек Асылбекұлы, Нұрсат Жайжан, Самат Болат; 16-17 жас - Расул Қарасаев, Әли Ибатудллин, Иманғали Дүйсенов, Нұртай Жұмабаев, Омар Умалатов, Эльдар Хамит, Абылайхан Абдиров; 18-19 жас - Нұрдаулет Қуанышев, Алтынбек Амангельдиев, Ғарифолла Салахаддинов, Айбек Сайтенов, Нұрсұлтан Көшкембаев және Данияр Жұмашовтар жеңімпаз атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.