Атырау, 26 қараша 20:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Брюссельдегі жарылыс: Содырлар мінген такси жүргізушісі тағы екі бомбаны табуға көмектесті

1 343 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция лаңкестерді әуежайға жеткізіп салған такси жүргізушісі берген ақпараттың арқасында Брюссель әуежайы мен Брюссельдің Скарбек коммунасындағы пәтерден жарылғыш затты анықтай алды, деп хабарлайды Derniere Heure басылымы.

Такси жүргізушісі құқық қорғау органдарына лаңкестік оқиға болған соң бірнеше сағат өткеннен кейін өзі хабарласқан, деп жазады РИА Новости.

Ол полицияға жолаушылары бақылау камерасы түсіріп алғандай үш емес, одан да көп сөмкені жеткізгенін айтқан. Басылымның мәліметтерінше, оның берген бұл түсініктемелері тәртіп сақшыларына Брюссель әуежайынан жарылмай қалған үшінші бомбаны табуға көмектесті.

Бұдан басқа, такси жүргізушісі клиенттерін алып кеткен Скарбек коммунасындағы үйдің мекенжайын айтты. Ол полицейлерге жолаушыларының өздерімен бірге одан да көп сөмкені алып кеткісі келгенін, бірақ өзінің олардың бұл ісіне келіспегенін, себебі көлікте бос орын болмағанын айтты. Бұл мекенжай бойынша тінту жүргізіліп, Бельгияның федералдық прокуратурасы шегеге толтырылған жарылғыш зат, сондай-ақ химиялық зат және «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының туын тапты.

Дереккөз: inform.kz

23 наурыз 2016, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.