Атырау, 10 желтоқсан 00:44
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

АМӨЗ апаттан гөрі ақшаны ойлай ма?

2 473 просмотра

Жыл соңына дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты 4 млн. 470 мың тонна мұнай өңдеуі тиіс.

«ҚазМұнайГаз» ҰК-ның 2011 жылғы бастапқы жоспары 4,2 млн тоннаны құрап отыр. Алайда «ҚазМұнайГаз» АҚ бақылау кеңесі зауыттың жылдық мұнай өңдеу жоспарын 270 мың тоннаға көтерді. Нәтижесінде зауыт енді автобензинді – 601 мың тонна, дизель отынын – 1,35 млн. тонна, әуе кемелері үшін реактивті отынды – 68,3 мың тонна, пеш отынын – 116,7 мың тонна, мазутты – 1,7 млн тонна, вакуумдық газойлды – 296 мың тонна, болат құю өнеркәсібі үшін мұнай коксын – 66,3 мың тонна және техникалық күкіртті – 1,2 мың тонна өндіруге міндеттелетін болды.

Зауыттықтар жоспардың артқандығы туралы хабарды «мұнайды неғұрлым көбірек өңдеген сайын, соғұрлым жалақымыз көп болады» деген жігермен қабылдады. Ал экологтарды қондырғылардағы қызу жұмыс қандай да болмасын, кезекті апатқа соқтырмас па екен деген ой мазалап отыр. Қалай болғанда да зауыт басшылығы оптимистік көңіл-күйді ұстанған. Дегенмен, қазіргі кезде жоспарды асыра орындап жатса да, зауыт тиісті жобаның өнімділігімен салыстырғанда 91,2 пайыз ғана жұмыс жасап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 желтоқсан 2011, 19:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.