Атырау, 18 мамыр 19:58
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Есепте тұрған қалта ұрысы

2 906 просмотра

Облыста «Қалта ұрлығы» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

16 наурызда сағат 9-да №14 автобус маршрутында ҚІІБ криминалдық полиция қызметкерлері Атыраудың 28 жастағы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады. Оның қалтасын тінту кезінде зардап шегуші К.-нің ақша салынған әмияны мен банк кәртішкесі табылды. Күдікті қылмысты жасағанын мойындады, қазір оның жасалған басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ол полицейлер арасында танымал, есепте тұрған тұрғын.

Жыл басынан бері Атырауда 33 қалта ұрлығы тіркелді. Көбінесе олар қоғамдық көліктерде қарбалас уақытта, базарлар мен супермаркеттерде орын алады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.