Атырау, 18 мамыр 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Атыраулық ноу-хау: интеллект+спорт

1 971 просмотра


«Атырау» ДСК-де 1-10-сынып оқушылары арасында Х интеллектуалды-спорттық эстафета өтті.

Мұндай шаралар бірнеше жыл қатарынан Өңірлік дене шынықтыруды дамыту және спорт орталығының қолдауымен өтіп келеді.

Біз спорт пен интеллектуалды ойындарды қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қатар қолданамыз. Мұндай эстафета тек Атырау облысында 10 жылдан бері өткізіліп келеді, балаларға қатты ұнайды. Уақыт өте келе ол еліміздің басқа өңірлеріне таралады деп үміттенеміз, - дейді Орталық директорының орынбасары Руслан ЖҰБАНШАЛИЕВ.

Облыстық байқауға Атырау қаласы мен облыстың жеті ауданынан эстафета жеңімпаздары қатысты. Биылғы жылдың жаңалығы – интеллектуалды ойындар компьютерленді: егер бұрын әрбір тапсырма плакатта ресімделіп, жауаптарды қатысушылар тақталарға жазса, енді бүкіл тапсырма компьютерге енгізілген, балаларға дұрыс жауапты клавиштен таңдап басу жеткілікті болды.

Нәтижесінде бірінші орынды Исатай ауданынан келген Абай атындағы орта мектеп командасы, екінші орынды Жылыой ауданынан келген №5 орта мектеп иеленді, үшінші орынды Атырау қаласының №20 орта мектебі мен Қызылқоға ауданынан келген Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп бөлісті. Сәуірде осындай сайыстар мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында өтеді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

17 наурыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.