Әскери операция болған Диярбакр қаласы Фото: azattyq.orgTүркияда үш ғалым "терроризмды насихаттады" деген айыппен тұтқындалды.
Тұтқындалған үш ғалым елдің оңтүстік-шығысындағы күрдтер тұратын аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету операциясын тоқтатуға шақырған.
Түркия үкіметі 13 наурызда Анкарадағы 37 адам мерт болған терактіні Күрд жұмысшы партиясы (КЖП) ұйымдастырды деп айыптап отыр. Бұл терактіні әзірге бірде-бір ұйым ресми түрде өз мойнына алған жоқ.
Биыл қаңтарда екі мыңнан астам ғалым Түркияның оңтүстік-шығысындағы операцияны тоқтатуға шақырып, арнайы петицияға қол қойған. Ел президенті Реджеп Тайып Ердоған петицияға қол қойған ғалымдар "сатқындығы үшін жауап береді" деген.
Дереккөз: azattyq.org