Атырау, 29 қараша 08:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мерейтойлық жазба

2 413 просмотра

Табиғатта демалу кезінде де жиналыс жасайтынбыз... 90-жылдардың аяғы, суретте (солдан оңға қарай): Сабыр ҚАЙЫРХАНОВ, Михаил ПАЛЫЧЕВ, Әбділдә МҰҚАШЕВ. Виктория ЛИДІҢ жеке мұрағатынан алынды Сонау 1991 жылдың 16 наурызында алыс шалғайдағы Гурьев қаласының көшелерінде Қазақстанның батысындағы алғашқы тәуелсіз газет таратыла басталды. Газеттің жоғарғы жағында алдағы референдумға қатысты алып елдің халқына: «Кеңес Социалистік Республикалар Одағын тең құқылы егемен мемлекеттердің жаңартылған федерациясы ретінде сақтап қалу қажет деп есептейсіз бе?» деп қойылған сұраққа берілген «ИӘ» және «ЖОҚ» деген жауаптары көзге түсетін еді.

Қазір мұндай ел жоқ, ТМД мен ЕЭО бар. Бірақ бастысы – біздің Республикамыз, егеменді мемлекетіміз бар. Таңдауыңа қарай, кез-келген баспасөз де бар. 91-ші жылдары жергілікті басшылар күле қарап басудан да, мемлекеттік пошта арқылы таратудан да бас тартқан газет әлі күнге дейін шығып жатыр (сол кезде марқұм досым, әріптес-курстасым шалғайдағы Шымкентке шақырып, көмектескен еді). Содан кейін «ақ үйден» пікірі дұрыс бір адам шықты. Облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі тіпті өз көлеңкесінен қорыққандарға телефонмен ұрысып тастады.

Сірә, текке қорықпаған шығар, тамыз айында үш күндік бүлік бұрқ ете түсті. Партия газетінің лездемесінде бір адамның: «енді міне, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қажет емес басылымдарды жауып тастап, керекті адамдарды қамауға алады...» деп, қуана алақанын ысқылағанын кейін маған айтқан еді...

Уақыт өтіп жатыр. Адамдар да өзгереді, әкімдер де кезекпен келіп-кетіп жатыр. Олардың әрқайсысының тәуелсіз баспасөзге деген өз көзқарастары болды: шақыртудан бастап дастархан жаюға дейін, жеңілдікпен несиелер ұсыну және басқа «жеке» игіліктерден бастап, журналистерімізді қылмыстық қудалау, қоқан-лоқы көрсету, электр қуатын ажыратып тастау, өрт қою секілді әрекеттерге дейін орын алды.

Сондықтан біз ұзақ уақыттан бері басылымдарымызды өз баспаханамызда шығарып келеміз. Сол жерден апта сайын екі тілде бөлек газет басылымдары шығып тұрады, бүкіл қажетті коммуникациялардың екі-үштен қосарлама құрылғысын жасадық және т.б. Әрине, мұның бәрі артық шығындар, төлемдер, сөз еркіндігі үшін салықтар екені рас. Профессор Клейнроктің даңқы арта берсін, интернет бар. Атырау облысында халық санының аздығына қарамастан, біздің үш тілді сайтымыз Қазнеттегі ең көп оқылатын жиырмалықтың қатарынан орын алған. Тәулік сайын 30 мыңнан астам пайдаланушы қолданады. Алда біздің болашаққа деген жоспарларымыз бен ойларымыз көп...

Сондықтан бәрімізді мерейтойымызбен құттықтаймын, «Ақ Жайықтың» 25 жылдығы құтты болсын!

Әбділда МҰҚАШЕВ,

«Ақ Жайық» ЖШС төрағасы
16 наурыз 2016, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.