Фото: 24.kzАҚШ Кубаға қатысты банк және туризм салаларындағы бірқатар санкцияны алып тастады.
Енді аралдағы мемлекеттің тұрғындары АҚШ банктерінен есепшот аша алады. Ал АҚШ-та тұратын кубалықтар үшін еңбекақы мен өтемақыны ресми түрде алуға мүмкіндік ашылды. Бұдан басқа, АҚШ азаматтары Кубаға білім алу және саяхаттау мақсатында кедергісіз бара алады. Айта кетейік, Барак Обама Кубаға 21-22 наурызда ресми сапармен бармақ. Бұл АҚШ тарапынан президенттің соңғы 88 жылдағы Кубаға алғаш рет ат басын бұруы болып отыр. Б.Обаманың басты мақсаты – сауда-саттық қарым-қатынасын дамыту.
Дереккөз: 24.kz