Ербол Серғазиев15 наурызда Атырау қаласындағы үш халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) "Жас отбасы" тұрғын үй бағдарламасына қатысуға құжаттар тапсыру үшін ондаған жас отбасы жиналды ("Баспана: жас отбасылар өтініші тек екі күн ғана қабылданады"). Алайда ешкім құжаттарын тапсыра алмады.
Электронды сандық қолтаңба (ЭСҚ) болса интернет арқылы құжаттар тапсыруға болады. Алайда сол күні мұны техникалық себептерге байланысты жасау мүмкін болмады. Ал көпшілігінде ЖСҚ мүлдем жоқ. Сондықтан ХҚКО-лардың іші ығы-жығы болды.
Облыстық ХҚКО директорының орынбасары Ербол СЕРҒАЗИЕВ:
– Бұл біздің кінәміз емес. "Электронды үкімет" www.egov.kz бағдарламасы ХҚКО қызметінен ерекшеленеді. Жүйенің әлдебір сатысында ақау орын алған. Адамдар ХҚКО-на барып, тіркеледі, құжаттарды сканерлейді, ал жүйе оларды өңдеуден бас тартады.
Атыраудағы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілі Самат НЫСАНҒАЛИЕВ:
– Бұл жаңа қызмет түрі, тәжірибе нұсқасында енгізілді. Жүйенің өзінде біріктіруге қатысты технологиялық проблема орын алды. "Электронды үкімет" порталы жұмыс істеп тұр, қателік "Жас отбасы" тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау қызметіне жауап беретін сегментте болды. Оны қазір Астанадағы бағдарламашылар жоюда. Осы себепті құжаттарды қабылдау мерзімі 17 наурызға дейін ұзартылды. Құжаттарды құпия қабылдау жүріп жатыр деген қауесетке қатысты айтарым: 15 наурыздағы ахуал бойынша бірде бір өтінім тіркелген жоқ.
Кейінірек біз Нысанғалиевпен хабарласқан едік - сағат 18.00-де сайттағы проблема әлі жойылмаған болып шықты.
Қалалық ТКШ бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Марта НҰРҒАЛИЕВА электронды жүйе жұмысында іркілістер 16 наурызда да жалғасқанын хабарлады. Сондықтан өтінімдерді қабылдау 18 наурызға дейін ұзартылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор