Атырау, 11 сәуір 18:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Азаттық даңғылындағы көлік апатынан екі адам көз жұмды

3 122 рет қаралды


15 наурызда таңда №14 мектеп маңындағы Азаттық даңғылы бойында кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, шамамен таңғы сағат 5-те Азаттық даңғылында Балықшы жаққа қарай кетіп бара жатқан «Тойота Камри» көлігі мен «ВАЗ-21723» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соқтысығу салдарынан «Тойотаның» екі жолаушысы – 21 және 26 жастағы жастар көз жұмды. Жапондық көліктің 28 жастағы жолаушысы мен 25 жастағы жүргізушісі, сондай-ақ, 31 жастағы «ВАЗ» жүргізушісі облыстық ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізілуде.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 наурыз 2016, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.