Атырау, 5 желтоқсан 13:10
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Полиция екі тонау қылмысын ашты

2 533 рет қаралды

Бұл күндері атыраулық жедел қызметкерлер бұрын жасалған екі тонау қылмысын ашты.

4 қаңтарда Құлманов көшесіндегі азық-түлік дүкенінің 27 жастағы сатушысы сауда нүктесіне медициналық демперде киген ер адам кіріп келіп, оны ұрып-соғып, кассадағы бүкіл түсімді – 80 мың теңгені алып кеткенін полицияға хабарлады. Жақында бұл қылмыс ашылды. Күдікті – Атырау қаласының 22 жастағы тұрғыны ұсталды.

7 наурызда екі ер адам Авангард 3-ші ықшамаудандағы пәтерге терезе арқылы түсіп, 22 жастағы қожайын әйелге зәбір көрсетем деп қоқан-лоққы жасап, сейфті бұзып, ішіндегі 9 мың доллар, 200 еуро және 100 фунтты алып кетеді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Индер ауданының 27 жастағы тұрғыны мен Атырау қаласының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Екі жағдайда да ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
15 наурыз 2016, 13:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.