Федерика МогериниЕуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлері одақтың Ресейге қатысты саясаттың "бес негізгі ұстанымын" мақұлдады. Министрлер кездесуінен соң ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини бірінші ұстаным - Ресей Минскіде қол қойылған Украина шығысындағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді толық құрметтеп, іске асыруы тиіс екенін айтты. Бірінші ұстаным бойынша ЕО Ресейдің 2014 жылы наурызда Қырымды заңсыз аннексиялап алуын мойындамайды.
Қалған төрт ұстаным ЕО-ның Шығыс Еуропадағы серіктері және басқа да көршілес елдермен, әсіресе Орталық Азиямен ынтымақтастығын нығайтуға және ЕО-ның энергетикалық салада барынша тәуелді болуын қамтамасыз етуге қатысты.
Могеринидің хабарлауынша, министрлер сонымен қатар Ресеймен сыртқы саясат мәселелерінде, оның ішінде Сириядағы қақтығыс пен терроризммен күресте "өзара іс-қимылды екшеп барып жасау" қажет деп тапқан.
ЕО бесінші ұстаным ретінде Рсеейдегі азаматтық қоғамды барынша қолдау қажет дейді.
Дереккөз: azattyq.org