Фото: ТАССPесей президенті Владимир Путин Сириядан әскерінің көбін шығаруға бұйрық берді. 14 наурызда қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде Путин әскерилер алдарына қойылған тапсырманы толық орындағанын мәлімдеді. Журналистермен әңгімесінде Путин әскерді шығару қақтығысты саяси жолмен шешуге дем береді деген сенім білдірді.
Ресей президенті бес айдан астам уақыт бұрын Сирияда әскери операция бастауға бұйрық берген.
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Сирия президенті, Мәскеудің одақтасы Башар Асад Путиннің әскерді шығару шешімімен келіскенін мәлімдеді.
Дереккөз: azattyq.org