Атырау, 26 қараша 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ: Лесин басынан алған жарақаттан көз жұмған

1 880 просмотра

Михаил Лесин Фото: azattyq.orgАҚШ билігінің мәлімдеуінше, сараптама қорытындысы Ресейдің бұрынғы баспа ісі, телерадио хабарларын тарату және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі министрі, өткен жылы Вашингтондағы қонақүйде өлі күйінде табылған Михаил Лесиннің "басынан алған жарақатынан" көз жұмғанын көрсетті.

Медициналық сараптама тобы өкілінің Азаттыққа айтуынша, Лесиннің өліміне оның мойны, кеудесі, қолы аяқ және аяғындағы осыға ұқсас жарақаттар да себеп болған. Қазір қылмыстық іс қозғауға шешім қабылданып жатыр. Лесиннің өліміне қатысты бұдан басқа ресми мәлімет берілмеді.

Ресей президенті Владимир Путиннің біраздан бергі серігі болған Лесиннің денесі 2015 жылы 5 қарашада Dupont5 қонақүйінде табылған. Лесиннің өлімі ол АҚШ Федералдық тергеу бюросына көмектесуді ұсынған соң өлтірілді деген сыбыс тарауына себеп болды.

Лесин министр қызметін 1999-2004 жылдары атқарған. Ол бұған қоса "Газпром Медианы" басқарып, ағылшын тіліндегі Russia Today телеарнасын құруға қатысқан.

Дереккөз: azattyq.org

11 наурыз 2016, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.