Атырау, 10 қазан 09:26
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Пеле әлем чемпионаттарынан жеңіп алған үш алтын медалін бәссаудаға қойды

1 732 просмотра

Фото: sovsport.ruАСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамасы құрамында жүріп әлемнің үш дүркін чемпионы атанған әйгілі футболшы Пеле екі мыңға жуық жеке затын аукционға қойды. Бұл туралы Reutersке сілтеме жасап "Р-Спорт" хабарлады.

Аукцион лоттарының ішінде - әлем чемпионаттарының үш алтын медалі және Жюль Риме сыйлығының көшірмесі бар. Сондай-ақ Пеленің жасөспірім кезінде шұлықтарды орап жасап алған футбол добы да сатылады.

"Жанкүйерлерім мен коллекция жинаушыларда да менің тарихымның бөлшегі болсын деп шештім. Олар бұл артефакттарды бағалап, менің тарихымды балаларымен және болашақ ұрпақтарымен бөліседі деп үміттенемін", - деді Пеле.

Аукцион 7 және 9 маусым аралығында Лондонда өтеді. Алынған қаражаттың бір бөлігі бразилиялық Куритиба қаласындағы балалар ауруханасына беріледі.

Жюль Риме сыйлығының көшірмесі 400 мың доллардан бір миллионға, әлем чемпионаттарының үш алтын медалі 200 мың долларға, ал Пеле соққан 1000-шы голдың добы 40-60 мың долларға сатылады деп күтілуде, деп хабарлады Vesti.kz.

Дереккөз: inform.kz

11 наурыз 2016, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.