6-8 наурызда «Атырау» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттық және жауынгерлік самбодан еліміздің чемпионаты өтті.
Жиналған жұртшылыққа жарысты ұйымдастырушылар жалығуға мүмкіндік бермеді. Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен керемет концерт болды және осы шарада сөз алған қала әкімі кезінде дзюдодан Қазақстан чемпионы болған Нұрлыбек ОЖАЕВ жас спортшыларға өзінің бір-екі байырғы тәсілдерін көрсетіп берді. Бастысы – жарыс өте қызықты болды.
Жарыстың алғашқы күні Атырау құрамасына алтын медаль бұйырмады. «Күміске» Анель СҮЛЕЙМЕНОВА (64 келіге дейінгі салмақта), Қалжан ТАЙЖАНОВА (72 келіге дейінгі салмақта) және Сұнғат ЗАКАРИЯЕВ (90 келіге дейінгі салмақта) ие болды. Ауыр салмақтағы (+100 келі) Кенжебек КҮЗЕМБАЕВ «қоланы» жеңіп алды. Соңғы екі күн Атырау құрамасына екі алтын медаль әперді: Наурызбек МАЙЛАШЕВ (68 келіге дейінгі салмақта) пен Ержан ҚАБДЕЛОВ (82 келіге дейінгі салмақта) еліміздің чемпиондары атанды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА
Бейнежазбаны областық спорттық және жауынгерлік самбо федерациясы ұсынды