Ғалымдар мен БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, Вьетнамда өте сирек кездесетін жағдай тіркелді – биологиялық әкесі бөлек, анасы бір егіздер дүниеге келді.
Ханойдағы Генетикалық сараптамалар мен технологиялар орталығының директоры Нгуен Тхи Нганың айтуынша, ДНҚ тестінің нәтижесінде егіз туылғандардың биологиялық әкелері бөлек болып шыққан.
Отбасымен жұмыс істеп отырған дәрігер бұдан бөлек нақты ақпаратты таратудан бас тартты.
Dan Tri онлайн басылымының мәлімдеуінше, солтүстіктегі Хоа Бинх провинциясында тұратын 34 жастағы ер азамат егіздердің түр-сипаты мүлде бөлек деп қысым көрсеткен отбасыға байланысты ДНҚ тестін жасауға бел буған.
Күтпеген жағдайға байланысты сараптама нәтижесінде екі баланың анасы бір екені дәлелденді. Егіздер қазір 2 жаста. Олар бір күнде туған.
Дереккөз:bnews.kz