АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық "Реал" мен немістің "Вольфсбургі" алғашқы болып Чемпиондар лигасының ширек финалына шықты, деп мәлімдеді Vesti.kz.
Мадридтік "Реал" "Сантьяго Бернабеу" стадионында өз алаңында "Романы" жеңді. Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
"Вольфсбург" болса өз алаңында бельгиялық "Гентті" ұтты.
Осылайша, "Реал" мен "Вольфсбург" Чемпиондар лигасының алғашқы ширек финалшылары атанды.
Бүгін, 9 наурызда, тағы екі ойын өтеді. Астана уақыты бойынша 23:00-де "Зенит" өз алаңында "Бенфиканы" (бірінші матч - 0:1) қабылдайды. Осы ойыннан кейін бірден 01:45-те "Челси" - ПСЖ (1:2) матчы басталады. Екі кездесуді де тікелей эфирде "ОН-ТВ" арнасы көрсетеді.
Дереккөз:inform.kz