Атырау, 26 қараша 20:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ИМ содыры әл-Шишани әуе шабуылынан қаза табуы мүмкін

1 473 просмотра

Фото: vk.comИслам мемлекеті" экстремистік ұйымы командирлерінің бірі Омар әл-Шишани Сирияның солтүстік-шығысында АҚШ әскери ұшағынан жасалған әуе шабуылынан қаза тапқан болуы мүмкін деп хабарлады Пентагон өкіліне сілтеме жасаған америкалық ақпарат құралы.

Алдын ала ресми мәліметке қарағанда, ИМ-нің "қорғаныс министрі" деп аталатын Шишанимен бірге 12 содырдың да көзі жойылған. Пентагон баспасөз хатшысы 30 жастағы әл-Шишаниді Ирак пен Сириядағы ұрыстарда үлкен тәжірибе жинаған "соғыста ысылған жетекші" деп атайды. Болжам бойынша, соңғы уақытта ол ИМ-нің Сирияның солтүстігіндегі әскери операцияларын басқарған. Оның аты-жөні террористік ұйымның ең қауіпті содырлары тізіміне кіреді. Оны ұстауға немесе көзін жоюға көмектесетін нақты ақпарат берген адамға 5 миллион доллар сыйақы тігілген.

"Шешен Омар" деген де лақап аты бар Әл-Шишани Грузиядан шыққан. Оның нақты аты-жөні - Тархан Батирашвили. Оның көзі жойылған туралы ақпарат бұған дейін де тараған. Пентагон егер Шишанидің қазасы расталса, онда ол ИМ-нің шетелден, әсіресе Кавказ аймағынан содырлар тарту мүмкіндігін кемітіп, Сириядағы Ракка қаласы мен Ирактағы Мосул қаласында шабуыл жасау және қорғану қабілетін нашарлатуы мүмкін дейді.

Дереккөз: azattyq.org

9 наурыз 2016, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.