Ыстамбұл полициясы алдағы Халықаралық әйелдер күніне байланысты шеруге шыққан әйелдерді рәзеңке оқпен атып, қуып тастады, - деп хабарлайды РИА Новости.
6 наурызда жүздеген әйелдің ұран айтып, Ыстамбұлдың орталық алаңына жиналғаны және әйелдердің құқығын қорғауға бағытталған плакаттарды көрсеткені айтылады. Шеруге шыққандар түрік қоғамындағы әйелдің жағдайына назар аудартқысы келген.
Агенттіктің мәліметінше, қуып тастау кезінде полиция бір әйелді ұстаған. Сонымен қатар, 6 наурызда Анкарада ондаға әйелдің көшеге шыққаны айтылып отыр. Онда да полиция мен шерушілердің арасында қақтығыстар болған.
Дереккөз: tengrinews.kz