Атырау, 10 қазан 07:27
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Түркия: полиция мен Zaman газетін қолдаушылар қақтығысты

1 723 просмотра

фото: azattyq.orgCтамбул полициясы Zaman газетінің мемлекет қарамағына алынуына наразы жұртты тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен су шашып, резина оқтар атты.

Zaman газеті кеңсесін 5 наурыз күні полицейлер келіп тінткен. Газет ғимаратын тінтуге сот нұсқау берген. Рейд жасауға келген полицейлер газеттің кеңсесіне кіру үшін есіктерін сындырып, газетті қолдаушыларға газ шашып, су атқылаған.

Ағылшын тілінде ақпарат тарататын Cihan (Жихан) және Zaman (Заман) агенттіктері Feza Publications тобына қарайды. Бірақ қазір Түркия соты шешім шығарып, Zaman-ды мемлекет қарамағына алып жатыр.

Бұл газеттің АҚШ-та тұратын түрік оппозициялық діндары Фетхуллах Гюленмен байланысы бар. Гюлен - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты қарсыласы.

Ердоған оны БАҚ пен сот жүйесіне, полицияға өзінің жақтастарын кіргізіп, үкіметті төңкермек болды деп айыптайды. Гюленді қолдаушыларды Түркияда "террористік топ" деп айыптағандар да болған, бірақ олардың бұған дейін күш қолдану тәсілдерін пайдаланғаны байқалмаған болатын.

Дереккөз: azattyq.org

7 наурыз 2016, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.