Атырау, 26 қараша 20:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ирандағы ең бай адам дарға асылды

1 636 просмотра

Фото: YouTube.com / Iran-e-man TVАСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда Бабак Занджани есімді миллиардер дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді. Бұл туралы сот билігінің өкілі Голям Хусейн Мохсени Эжеи мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

«Мұнай жөніндегі іс бойынша Бабака Занджаниге және тағы екі айыпталушыға қатысты үкім шықты. Бірінші инстанция соты оларды Құдайға және мемлекетке қарсы қылмыстары бойынша айыптайды» - деді Эжеи. Бұдан бұрын Занджани мұнай сатуға байланысты жемқорлық әрекеті үшін қамауға алынған болатын.

Иран ұлттық мұнай компаниясына қарсы санкция салынғаннан кейін Иранға мұнай экспортын ары қарай жалғастыруға тура келді және компания Занджаниге сомасы 3 миллиард доллардың мұнайын экспорттауды тапсырған еді. Алайда компания Занджаниден ешқандай кепілдік алмаған. 2012 жылы Занджани Тегеранға қарсы санкцияны бұзуына байланысты АҚШ-тың санкциялы тізіміне енген болатын.

Дереккөз: inform.kz

7 наурыз 2016, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.