Атырау, 1 маусым 23:08
 дождьВ Атырау +20.2
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

​Лимит – бес үйрек

2 678 рет қаралды

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бұйрығына сәйкес, аталық үйректерді көктемгі аулау маусымы 12 - 26 наурыз аралығында өтеді.

Биылғы маусымда аңшы қалаған үйрек саны бойынша берілетін жолдамаға жапсырылған маркалар жойылды. Өйткені, қазір бір маусымда 5 үйректен аспайтын лимит белгіленген.

– 2016 жылғы біздің қоғамға бөлінген үйрек аулау лимиті 65 мың үйректі құрайды. Оның ішінде тек 5 пайызын, яғни 3 250-ін көктемгі аңшылық маусымында аулауға рұқсат етіледі. Бізде 6 мыңдай аңшы бар. Аңшылыққа бәрі бірдей шықпайтындығын ескеріп, қоғам бес үйрекке дейін аулауға рұқсат берді, - дейді облыстық аңшылар қоғамының бас аңшысы Сергей КАТАРОВ.

Аңшылар қоғамында үйректердің алғашқы тобы ұшып келгендігін хабарлады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 наурыз 2016, 21:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.