Атырау, 2 мамыр 19:25
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Емделуге емес, тонауға келген

2 325 просмотра

Атырауда массажист әйелді тонаған қылмыскерлерге үкім шығарылды.

Тонаушылар құрбандықтарын интернет арқылы тапқан. Хабарландыруда көрсетілген телефонға қоңырау шалып, клиентпіз деп танысып, оған массажға баруға келіскен. Пәтерге келген кезде күш қолданамыз деп қорқытып, әйелдің аяқ-қолын скотчпен байлап тастайды. 125 мың теңгені, құны 50 мың теңге тұратын Samsung Galaxy E5 ұялы телефоны мен құны 5 мың теңге тұратын Nokia ұялы телефонын олжа қылған.

«Тонау - меншікке қарсы қауіпті қылмыс түрлерінің бірі. Экономикалық дағдарыс кезеңінде мұндай қылмыстардың көбейетіндігі белгілі", - делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сотталушылар ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бабының 1, 3-тармақтары ("Жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен тонау") бойынша айып тағылды. Сот отырысында екеуі де кінәсін мойындап, іс жүргізу келісімін жасады. №2 қалалық сотының үкімімен әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 наурыз 2016, 20:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.