Атырау, 29 қараша 09:38
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

17-ші мектеп бұрынғыша лицей болып қалды

2 236 просмотра

№17 мектеп-лицей өз мәртебесінен айырылыпты деген соңғы кездері таралып кеткен ақпарат расталмады.

Мектеп директоры Дариға БАЛТАБЕКОВА:

– Мектептің «№17 жалпы білім беретін мектеп-лицей» ММ деген ресми атауы атауы кейбіреулерді жаңылыстыратын. Бізден неге «жалпы білім беретін» деп жиі сұрайтын еді. Сондықтан біз қала әкіміне ұсыныспен шықтық. Ол бізге қолдау көрсетіп, 2015 жылдың наурызында мектепті қайта атау туралы оның шешімі шықты. Енді біз «Атырау қалалық білім бөлімінің №17 мектеп-лицейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіміз.

– Мектеп өз мәртебесін растайтын соңғы аттестациядан қашан өткен еді?

– Аттестация 5 жылда бір рет өтеді. Соңғысын биылғы ақпанда ойдағыдай өткердік. Аттестация біздің оқу орнымыздың мектеп-лицейдің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін растады.

Облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле САЙЛАУОВА 17-ші мектептің бұрынғыша мектеп-лицей екенін растады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 наурыз 2016, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.