Облыстық соттың төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ әріптестеріне жаңа судьяларды таныстырды.
Атырау қалалық сотының судьялары лауазымына Лаура ЛҰҚПАНОВА мен Саламат НОҒАЕВ тағайындалды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Л.Лұқпанова 2009 жылдан бастап Атырау қалалық сотының сот отырысының бас маман-хатшысы болып жұмыс істеген. Содан кейін сол лауазымда Атырау облыстық мамандандырылған экономикалық сотында қызмет атқарған.
С. Ноғаев түрлі жылдарда Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының сот отырысында хатшы, Маңғыстау облысының Соттар әкімшісінің кадрлар бөлімінің басшысы болып еңбек еткен. Осыған дейін ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінде сектор меңгерушісі лауазымында жұмыс істеген.
Зульфия ИСКАЛИЕВА