Атырау, 19 сәуір 23:08
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Пхеньян ядролық арсеналын дайындыққа келтірді

1 708 просмотра

Фото: ReutersCолтүстік Корея президенті Ким Чен Ын елдің ядролық арсеналын әскери дайындыққа келтірді. Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын "Біз кез келген уақытта ядролық оқтұмсықтарымызды қолдануға дайын болуға тиіспіз. Америкалықтар басқа елдерде соғыс пен апатқа себеп болатын уақытта тәуелсіздігіміз бен өмір сүру құқығымызды қорғаудың жалғыз жолы - ядролық әлеуетімізді күшейту" деді. АҚШ Пхеньянды мұндай арандатудан бас тартуға шақырды.

Солтүстік Корея көрші елдермен шиеленіс басталғалы мұндай мәлімдемені жиі жасайтын болған. 2 наурыз күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньянға салынған санкцияны күшейтетін қарарды бірауыздан мақұлдаған. Солтүстік Кореяда оқтұмсықтар бары белгілі болғанымен, Вашингтон Пхеньянның оларды қаруға айналдырып, баллистикалық зымыранға салуға қауқарлы екеніне күмәнданады.

Пентагон өкілі Билл Урбан АҚШ қорғаныс министрлігі жағдайды бақылауда ұстайтынын және Ким Чен Ынды "жағдайды шиеленістіретін арандатушылық әрекеттен бас тартуға" шақыратынын мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.kz

4 наурыз 2016, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.