Атырау, 26 қараша 20:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

AI: Қазақстан азаптау туралы шағымдарды тексермей отыр

1 935 просмотра

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігі полиция мен түрме қызметкерлерінің тұтқындарды азаптайтыны туралы шағымдарға тексеру жүргізе алмай отыр деп мәлімдеді.

Наурыздың 3-і күні жариялаған есебінде AI Қазақстандағы құқық қорғау ұйымдарына жыл сайын тұтқындарды азаптау мен басқа да дрыс қатынас жасамауға қатысты жүздеген шағым түсетінін айтады.

Ұйымның Еуропа және Орталық Азия аймағы жөніндегі директоры Джон Далхусен "Азаптау туралы шағымдардың тексерілмей, азаптауға қатыстылардың жауапқа тартылмай қалуы азаптау құрбандарының үмітін жояды" дейді.

Далхусеннің сөзінше, Қазақстандағы азаптау құрбандары өздерінің "азаптау туралы талап-арыздарының қаралмай қалғанына апелляциялық шағым білдіру үшін отбасы мен белсенділердің, адвокаттардың көмегіне сүйенуі тиіс дейді.

Дереккөз: azattyq.org

3 наурыз 2016, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.