Атырау, 26 қараша 20:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ Ресейге қатысты санкцияларын тағы бір жылға созды

2 694 просмотра

Image 0Фотоколлаж politobzor.net сайтынан алындыАлматы. 3 наурыз. ҚазТАГ – АҚШ президенті Барак Обама бұдан екі жыл бұрын Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жариялаған санкцияларды тағы бір жылға ұзарту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ВВС орыс қызметінен.

«Құжатта «Украинадағы демократиялық үдерістерді болдырмау, ел тыныштығын, қауіпсіздігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын бұзу әрекеттеріне байланысты енгізілген төтенше жағдай» сақталады» деп көрсетілген. Санкцияларды енгізуге әкелген себептер арасында Ресейдің Қырымды аннекциялауы, Украинада күш қолдануы және ондағы демократиялық үдерістерді болдырмау әрекеті айтылады», - делінген хабарда.

«Украинадағы жағдайды ескере отырып ұлттық қауіпсіздікке төнген қатердің жалғасуы» атты жарлық мұның алдындағы 2014 жылғы 6 наурыздағы, 2014 жылғы 16 наурыздағы, 2014 жылғы 20 наурыздағы және 2014 жылғы 19 желтоқсандағы жарлықтарға сілтеме жасайды.

«Құжатта Ресей Федерациясының Украинаға қатысты әрекеті ұлттық қауіпсіздікке және АҚШ-тың сыртқы саясатына төтенше және ерекше қауіп төндіретіндіктен, онда Ресейге қатысты енгізілген санкциялар тағы бір жылға ұзартылады», - деп жазады ВВС.

Бұл ретте Ресей мемлекеттік думасының халықаралық комитет басшысы Алексей Пушков АҚШ шешімін күтілген шешім деп атады.

«Обама Ресейге қатысты санкцияларды бір жылға ұзартты. Басқаша болады деп күтпеген де едік. Сирияға қатысты келіссөздер Обама үшін Мәскеумен қарым-қатынас жақсарғанын аңғартпайды», - деп жазыпты ол өзінің Twitter парақшасында.

Еске салсақ, 2014 жылы наурызда Еуропалық одақ пен АҚШ Қырымда Ресейге қосылу туралы өткен референдумға жауап ретінде санкция енгізетінін жариялады. Ол референдумды олар заңсыз деп есептейді. Санкциялар компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты енгізілді.

Экономикалық санкциялар 2014 жылғы жазда Украинаның шығысындағы шиеленіске және оған Ресейдің қатысуына байланысты енгізілді. АҚШ пен Еуроодақ ДХР және ЛХР-ды жақтаушыларға әскери көмек көрсеткені үшін Мәскеуді айыптады. Ресей билігі айыптауларды мойындамай, Донбасста тек ресейлік еріктілер ғана соғысып жатыр деп мәлімдеп отыр.

Бұрындары АҚШ мемхатшысы Джон Керри Ресейге қарысы санкциялар Мәскеу былтыр қол қойылған Украинаның шығысындағы жағдайды бейбіт реттеу туралы минскілік келісімшарттың барлық тармақтары орындалмайынша сақталады деп мәлімдеді.

АҚШ пен Еуропалық одақ және басқа да елдердің санкцияларына жауап ретінде Ресей осы елдерге қатысты азық-түліктік эмбарго жариялады.

Дереккөз: ҚазТАГ

3 наурыз 2016, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.