Атырау, 6 желтоқсан 17:31
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Ресей Сирияда "Джебхат әл-Нусра" тобына соққы берді

2 299 рет қаралды

Фото: saiamnews.orgСирияда Ресей әскери-әуе күштері "Джебхат әл-Нусра" экстремистік тобының шептеріне соққы берді. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің Сириядағы жауласушы тараптарды бітімге келтіру жөніндегі орталығы хабарлады.

Хабарламада "жағдайды тұрақтандыру үшін Алеппоның солтүстігіндегі аудандарға зымыран мен бомба тасталып, Нарб-Нафса елді мекені маңындағы террористер шептеріне соққы жасалғаны" айтылған.

Сирияда 27 ақпанға қараған түні бітім күшіне енген. Бірақ бітім "Джебхат әл-Нусра" тобына жүрмейді.

Ал бұл уақытта Сирияда қақтығысты тоқтату келісімінің бұзылғаны туралы ақпараттар түсіп жатыр. Үкімет күштері мен көтерілісшілер бітімді бұзды деп бір-бірін айыптайды. Президент Башар билігіне қарсы оппозицияны қолдайтын Сауд Арабиясы Ресейді бітімді бұзды деп айыптайды.

Дереккөз: azattyq.org

1 наурыз 2016, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.