Атырау, 26 қараша 20:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мәскеуде 4 жасар бүлдіршінді қатыгездікпен өлтірген бала күтуші өз кінәсін мойындады

1 691 просмотра

Фото: sitv.ru4 жасар бүлдіршінді бауыздап өлтірді деген күдікпен ұсталған Гүлчахер Бобокулова кінәсін мойындады, - деп хабарлайды НТВ телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қазір ол қылмыс болған жердегі тергеу эксперименттеріне қатысып жатыр.

Бұған дейін одан психикалық жағдайының нашар болуынан немесе препарат әсерінде болуынан жауап алу мүмкін болмаған еді.

Айта кетейік, болжам бойынша, кеше, 29 ақпанда Мәскеудің Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала күтуші өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін ол оқиға болған жерді өртеп, өзі қашып кетеді. Осыдан кейін әйел метро станциясының алдына келіп, полицейлер оған жақындаған кезде сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан. Қазіргі уақытта ол ұсталды. Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Телеарна мәліметінше, бүлдіршіннің денесі өрт шыққан үйден табылды. Тергеу мәліметіне сәйкес, Бобокулова бүлдіршіннің отбасында шамамен 3 жыл тұрған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, соңғы кезде әйелдің отбасында қиындықтар болған. Жауап алу кезінде Бобокулова аса қатыгездікпен қылмыс жасағанын мойындап, мұндай қылмысқа баруына себеп деп күйеуінің басқа бір әйелмен ашына болғанын айтты. Дегенмен ол күйеуінің әрекеті мен бүлдіршіннің отбасының арасында қандай байланыс бар екенін түсіндіріп бере алмады.

Дереккөз: tengrinews.kz

1 наурыз 2016, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.