Фото: rbk.ruКСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачев Мәскеуде «Өмірдегі Горбачев» деп аталатын кітабын жарыққа шығарды.
Тұсаукесер рәсімі Горбачевтың 85 жылдық мерейтойы қарсаңында өтті.
29 ақпанда Горбачев Мәскеуде кітабын таныстыра отырып: «Мен өзімнің өмірімді көп ойлаған сайын, ең үлкен өзгерістер мен оқиғалар кенеттен орын алғанын көремін» деді.
Оның айтуынша, бұл кітап ресейліктерге қазіргі болып жатқан жайттарды түсінуге көмектеседі.
1985 жылы Гарбочев барынша ашықтық реформасы бағытында қайта құру саясатын енгізді. Нәтижесінде Орталық және Шығыс Еуропада социалистік жүйе күйреп, 1991 жылы Кеңес Одағы тарады.
Кітапты құрастырған Владимир Поляков пен Карен Карагезьян «бұл кітап Горбачевтың өзге кітаптарын қайталамайды, автор осыған дейін айтылмай келген өмірінің өте маңызды сәттерін еске алады» деді.
Дереккөз: bnews.kz