18 жастағы спортшыны әкесі Бейбіт Ищанов жаттықтырады. Біраз уақыт бұрын бұл отбасы Атырауға Орал қаласынан көшіп келген. Назым Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ-не оқуға түсті. Өткен жылы «Атырау облысының мамандандырылған бокс клубы» КМК болашағы бар боксшы қызбен 2020 жылға дейін келісімшарт жасаған. Ал облыстық бокс федерациясы оның отбасына үш бөлмелі пәтерді жалға алып берді.
Өткен жылдың қазанында спортшы қыз Астанада өткен «мықтылар турнирінде» атыраулық бокс үшін өзінің алғашқы «алтынын» иеленді. Ал қараша айында ұшқыш Хиуаз Доспанованың құрметіне орай Атырауда өткізілген халықаралық турнирде жеңіске жетті.
Бокс клубының директоры Сейітжан БЕГІСІНОВТІҢ айтуынша, Назым өзінің спорттық мансабында әзірге ешкімнен ұтылып көрмеген. Биылғы ел чемпионатының финалында ол астаналық Римма Волосенкомен кездесті. Тренерлер штабында бастапқыда төрешілер ұпайды ринг қожайындарына есептейді деген қауіп болған. Алайда жекпе-жек кезінде Назымның басымдығы айқын болғаны сондай, жаттықтырушылардың көңілі жайланған. Шешуші жекпе-жек атыраулық спортшының пайдасына 3:0 есебімен аяқталған.
Біз Назымның анасы Светлана ИЩАНОВАМЕН тілдескен едік:
- Назым - талапты, мақсат қойғыш. Дарынды балаларға арналған мектепте беске оқыды, бірақ боксқа деген сүйіспеншілігі әкесінен дарыса керек. Бастапқыда олар жатттығуға бірге барып жүргенін менен жасырды. Содан кейін әкесі бәрін жайып салды...
Біз қызымызбен асықпай отырып сөйлестік. Ол өз таңдауын әкесінің талай спорт шеберлерін шыңдады, алайда тек Қазақстан чемпионаты деңгейінде ғана деп түсіндірді. Ал қызымыз одан да биік табыстарға қол жеткізгісі келетінін және жеткізе алатынын білдірді. Оның бетін қайтармақ болғанымыздан ештеңе шықпады. Енді міне, біз осындамыз...
Б.Ищанов хабарлағандай, ол қызымен бірге Олимпиада-2020-ға жолдама алуға қол жеткізбек. Ал енді одан бұрын өз күшін сынап көрудің сәті түсті – Риоға жолдама үшін күресу керек.
Наурыздың аяғында Қытайда лицензиялық турнир өтеді. Мұнда алынған жүлделі орын Олимпиада-2016-ға қатысуға құқық береді. Оған тиісінше 51 келіге дейінгі, 60 келіге дейінгі және 75 келіге дейінгі олимпиадалық салмақ дәрежесінде ҚР чемпиондары атанған қазақстандық Назым Қызайбай, Назым Ищанова және Дариға Шәкімова қатысады. Әуежайда Н.Ищанова өз жеңісін Атырау қаласына арнайтынын мәлімдеп, Олимпиадаға жолдама алу үшін бар күшін салуға уәде берді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА