Атырау, 10 қазан 05:18
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

"Оскар" сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жария болды

3 013 просмотра

АҚШ киноадекемиясының "Оскар" сыйлығының жеңімпаздарының тізімі жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жүлденің сексен сегізінші марапаттау рәсіміне сілтеме жасап.

"Ең үздік түпнұсқа сценарий" номинациясын "В центре внимания" фильмі жеңіп алды.

Оскардың "Үздік адаптацияланған сценарий" номинациясын "Игра на понижение" фильмі жеңіп алды.

"Үздік оператор" атағына Эммануэль Любецки лайық деп танылды. Ол осыған дейінгі "Гравитация" жəне "Бердмэн", енді "Выживший" фильмімен үшінші рет қатарынан алып отыр.

Екінші пландағы үздік актриса - Алисия Викандер ("Девушка из Дании")

"Үздік монтаж", "Үздік грим жəне шаш үлгісі", "Үздік костюм дизайны", "Үздік қоюшы-суретші", "Үздік дыбыс қою", "Үздік дыбыс режиссурасы" номинациясында "Безумный Макс: Дорога ярости" жеңіп алды.

"Үздік визуалды эффект" номинациясын "Из машины" фильмі жеңіп алды.

Pixar студиясының "Головоломка" толықметраж мультфильмі мен Чили мультипликаторларының "Медвежья история" қысқаметраж мультфильмі "Оскар" жүлдесін алды.

"Шпионский мост" фильмінде ойнаған Марк Райлэнс екінші пландағы үздік ер адам ролі үшін "Оскар" жүлдесіне ие болды.

"Үздік деректі толықметраж фильм" аталымында "Оскар" сыйлығын әнші Эми Уайнхаус жайлы картина "Эми" картинасы алды. Сонымен қатар, "Үздік қысқаметраж деректі фильм" аталымында "Девушка в реке: цена прощения" картинасы жеңді.

Үздік ойын қысқаметраж фильмін ирландиялық "Заика" фильмі жеңіп алды.

"Үздік шетелдік фильм" номинациясында "Сын Саула" фильмі жүлдеге ие болды.

"Оскар" жүлдесін "Үздік саундтрек" аталымында Эннио Морриконе ("Омерзительная восьмерка") жеңіп алды.

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Dolby Theatre сахнасында АҚШ киноакадемиясының 88-ші "Оскар" марапаттау шарасы өтіп жатыр.

"Үздік ән" номинациясында Writings on the Wall әнімен Сэм Смит ("007: СПЕКТР") "Оскар" жүлдесіне лайық деп танылды.

Үздік режиссер - Алехандро Гонсалес Иньярриту ("Выживший"). Ол осымен қатарынан екінші рет, жалпы төртінші рет жүлдегер атанып отыр.

2015 жылдың үздік актрисасы - Бри Ларсон ("Комната").

Ал Леонардо Ди Каприо көп күттірген "Оскар" жүлдесін "Выживший" фильміндегі ролі үшін алды.

"Үздік фильм" аталымында "В центре внимания" фильмі жеңіп алды.

Дереккөз: tengrinews.kz
















29 ақпан 2016, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.