Атырау, 29 қараша 09:43
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Бүлдіршіндерді өрттен құтқарды

2 427 просмотра

Доссор поселкесінің 50 жастағы тұрғыны Қуаныш БЕРДЕНОВ (суретте) өртке оранған үйден 3, 5, және 7 жасар үш бүлдіршінді аман алып шықты.

Қуаныш 8 ақпан күні базарға қарай бет алған еді. Жолда өртеніп жатқан үйді көргенде есі шығып, қатты уайымдады. Оның қарсы алдынан шыққан әжей де сөйлеуге шамасы келмей, ентігіп, барак үй жақты көрсетті. Сол сәтте ол үйге жақындағанда ішінде шырқырай жылаған балалардың үні естіледі. Бірақ, есік сыртынан құлыптаулы болды.

- Шынымды айтасм, мен алғашында не істерімді білмей сасып қалдым, - дейді Қуаныш. - Пәтер екі бөлмелі екен, бір бөлменің терезесі үлкен болғанымен ішке кіру мүмкін емес болды, лаулаған өрт құшағында қалыпты. Ал дәліз терезесі кішкентай, мен сыятын емеспін, бірақ, көп ойланып тұратын уақыт болған жоқ, дәліз терезесін аяғымен бір теуіп сындырып, жан-жағын әйнектен тазартып, қою әрі қап-қара түтінге тұншыққан бүлдіршіндерді бір-бірлеп қолынан тартып, тысқа шығардым.

Бүлдіршіндер қауіпсіз жерге шығарылған соң, өрт шатырға лап қойып, электр желілері мен газ құбыры жарылды.

ТЖ қызметкерлері Қуаныштың ерлік көрсеткені үшін алғыс білдірді. Және, әрине, үш баланың ата-анасы да Қуанышқа шексіз риза.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

29 ақпан 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.