Атырау, 5 желтоқсан 12:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Мейрамханадағы кісі өлтіру туралы іс» бойынша күдікті қамаққа алынды

2 454 рет қаралды

«Муслим» мейрамханасының спортбарында адам өлтірді деген күдікті қамауға алынды.

Облыстық сот баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, №2 Атырау қалалық соты зардап шегушінің өліміне әкеп соққан денсаулығына ауыр зиян келтірді деп күдіктелген Атырау қаласының 30 жастағы тұрғыны М.А.-ға қатысты 2 ай мерзімге «қамаққа алу» бұлтартпас шарасын белгіледі.

Іс материалдарына жүгінсек, 12 ақпанға қараған түні М.А. өзінің немере інісі және оның достарымен спорт барда ҚР құрама командасының ойынын қарап отырады. Бауыры Қазақстан құрамасы туралы дауыстап бейәдеп сөз айтады. Көрші отырған басқа бар қонақтарының бірі оған ескерту жасайды. Осы жерде жанжал туып, оған М.А. араласып, , 44 жастағы ер адамның жағынан ұрып жіберген. Ауыр соққы алған ер адам сол жерде қайтыс болады.

М.А.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-тармағы («Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 ақпан 2016, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.