23 ақпанда жыл басынан бері алғаш рет облыс аумағында суға кету оқиғасы тіркелді.
Су асты-құтқару қызметінің басшысы Самат ҚҰМАШЕВТЫҢ хабарлауынша, сағат 16.25-те Пешной түбегі маңындағы Жайық өзенінің сағасында сағат 13.30 шамасында 50 жастағы балықшы, Құрманғазы ауылының тұрғыны суға кетті деген хабар келді. Қасында болған екі балықшы құтқаруға әрекет еткенмен, ештеңе істей алмаған. Өзен мұзы қазір өте осал, адамды көтермейді.
Суға кеткен адамды табуға төрт адамнан құралған су астында жүзушілер бригадасы жіберілді. Сағат 19.10-да денені судан шығарды.
Құмашев хабарлағандай, өткен жылы облыс су айдындарында 28 адам ажалын судан тапқан.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ