Атырау, 26 қараша 20:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Эстонияда "Ресейге тыңшылық жасаған" үш адам сотталды

1 520 просмотра

Image 0Эстонияда үш ер адам Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен сотталды. Эстония прокуратурасы сотталғандарды контрабандистер деп атап, оларға қарсы сот қазан-ақпан айлары аралығында өткенін хабарлады.

Сот үш адамды екі жылдан төрт жыл он айға дейінгі мерзімге дейін бас бостандығынан айыру үкімін кесті. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталғандар Ресей арнайы қызметіне Эстонияның барлау, әскери құрылымдар мен шекара әскері және қауіпсіздік қызметінің операциялары және қозғалысы туралы ақпарат берген.

Сотталғандар - эстониялық Александр Руднев пен Максим Груздев және азаматтығы жоқ Павел Романов. Үшеуі де - этникалық орыстар.

НАТО құрамына кіретін Эстония соңғы уақыта көршілес Украинадағы жағдайға қатысты және шекараға жақын аймақта Ресей әскерилері белсенділігінің күшейгеніне қатты алаңдай бастады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

24 ақпан 2016, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.