Атырау, 29 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Атырауда Ұлттық баспасөз клубы ашылады

1 975 просмотра

Осыдан екі ай бұрын мен осындай ұсыныспен Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы МАТАЕВҚА хабарласқан едім. Ол сол сәтте-ақ келісімін берген болатын, тек кейбір құқықтық бағыттағы мәселелерді шешу ғана қалған еді: бұл символикалық бағаға франшиза төлемін ресімдеу немесе тағы бір заңдылық жолдармен Атырауда осы танымал брендті пайдалану. Біз баспасөз клубының логотипі жазылған баннерді шығарып, орынжайды дайындап, техникалық жабдықтар сатып алып, жиһазға тапсырыс берген едік...

Алайда бір тәуліктен бері алдын-ала келісімге келген тараптардың бірінің ұялы телефоны сөндірулі – Журналистер одағының төрағасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қамауға алды. Павлодарда облыс әкімін бопсалап, ақша талап етті деп айып тағылған (!) «Версия» газетінің редакторы Ярослав ГОЛЫШКОҒА еш шімірікпестен 8 жыл «іліп» жібергеннен кейін мен еш нәрсеге таң қалмайтын болдым.

Саясаттанушылардың біреуі Матаевтың ұсталуына қатысты «оның жаулары жоқ еді» деп пікір айтқан еді. Бұл жаңалық. Менің білуімше, Сейітқазы үшін оппозияцияда да, билікте де кезінде өзі баспасөз хатшысы болған бірінші президенттен басқа беделді тұлға жоқ. Достары, таныстары бар, әрине, алайда ол мойындаған авторитеттер болған емес. Бұл, әрине, сол премьер-министрлердің немесе ПӘ басшыларының, басқа көптеген бастықтардың да намысына тиген шығар.

Қазақстанның бас журналисінің бұл ісі жерде қалмайды. Сондықтан да Атырауда Ұлттық баспасөз клубы болады. Бізге жақында өзіміз басып шығарған Алматыдағы Шаңырақ ауылының қарапайым адамдарының үйін бұзуға қарсы шығып, 18 жыл бас бостандығынан айырылған, оның 10 жылын өтеп үлгерген ақын Арон АТАБЕКТІҢ өлеңдер жинағын халыққа таныстыратын жер керек қой. Бізде, батыста жиі айтылатындай: біз не көрмедік?

Әбділдә МҰҚАШЕВ, «Ақ Жайық» ЖШС төрағасы

23 ақпан 2016, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.