Атырау, 26 қараша 20:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Никарагуада түрмені босату үшін 8 мың жазасын өтеушіні бостандыққа шығарды

1 290 просмотра

Image 0

Никарагуада толып қалған түрмені босату үшін сегіз мыңнан астам жазасын өтеушіні түрмеден босатты, делінген ел үкіметінің мәлімдемесінде.

Үкіметке сілтеме жасап Франс Пресс агенттігі хабарлағандай, сотталу мерзімі бес жылға дейін белгіленген 8149 жазасын өтеуші бостандыққа шығарылды. Бұдан басқа, 94 шетелдік әрі қарай жазасын өз отанында өтеуге жіберілді.

РИА Новости хабарлағандай, барлық жазасын өтеушілер 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мерзімінен бұрын босатылды. Үкімет хабарламасында қазіргі сәтте Никарагуа түрмелерінде сотталушылар саны қанша екендігі нақтыланбады. Сонымен бірге, Никарагуа адам құқықтары бойынша үкіметтік емес орталыққа сілтеме жасап агенттік хабарлағандай, өткен жылы елдің пенитенциарлық орындарында 10,5 мың жазасын өтеуші болған. Бұл Никарагуа түрмелерінің сыйымдылығынан екі есеге көп.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 ақпан 2016, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.