Атырау, 26 қараша 18:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресейдің Еуропаға қару-жарақ экспорты артты

2 068 просмотра

Image 0Соңғы бес жылда Ресейдің Еуропаға сатқан қару-жарақ көлемі 264 пайызға артты. Бұл туралы Стокгольм бейбітшілік мәселесін зерттеу институты (SIPRI) даярлаған баяндамада айтылады. Ресей әлем елдері арасында қару-жарақ экспорты жағынан АҚШ-тан кейінгі екінші орнын сақтап қалған.

Еуропаға экспорт Әзербайжанмен жасалған келісім есебінен артқан. Сарапшылардың есебінше, 2011-2015 жылдардағы Ресей экспорты көлемінің бес пайызын Әзербайжанға сатқан қару-жарақ құраған. 2011-2015 жылдары Ресей 50 елге қару-жарақ сатқан. Ресей қаруының 30 пайызын Үндістан, 11 пайызын Қытай, 11 пайызын Вьетнам сатып алған.

Ақпанның ортасында ақпарат құралдарында Иранның Ресейден жеті миллиард долларға әскери техника мен қару-жарақ сатып алу ниеті бары хабарланған.

SIPRI мәліметінше, соңғы бес жылда әлемде қару-жарақ ең импорттайтын елдер Катар мен Сауд Арабиясы болған. Бес жылда Катардың импорт көлемі 279 пайызға, Сауд Арабиясының импорты 275 пайызға артқан.

SIPRI баяндамасында қару-жарақ келісімінің құнын емес, тек импорт пен экспорт көлемін ғана зерттейді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

22 ақпан 2016, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.