Атырау, 29 қараша 09:55
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Шекарашы браконьерлерге «қамқоршы» болған

1 573 просмотра

Атырау облыстық прокуратурасы қаулысының негізінде жедел-іздестіру шарасын өткізу барысында ҰҚКБ қызметкерлері бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

«Браконьерлерге дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушы Ш.Э. басшылық етті, ал оларға ҚР ҰҚК шекаралық қызметінің қызметкері К.Т. қамқоршылық жасаған», - деп хабарланған облыстық прокуратураның баспасөз релизінде.

ҚР ҚК-нің 335-бабы («Балық қорларын заңсыз алу»), 262-бабы («Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған жетекшілік ету») және 362-бабы (« Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 ақпан 2016, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.