Атырау, 28 сәуір 08:33
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Парфмюмериялық өнімдер тәркіленді

2 436 просмотра

Image 0Көрнекі сурет. Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі Атырау Халықаралық әуежайының аумағынан «экономикалық контрабанданың» жолын кесті.

Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының өкілі Айсұлу ТЕЛЕУШОВАНЫҢ айтуынша, «Бейбарыс» әуе компаниясы» АҚ-на тиесілі жүк кемесін тексеру кезінде 8 537 бірлік танымал әлемдік брендтердің (LANKOME, OPIUM, Armani және т.б.) декларацияланбаған парфюмериялық өнімдері, сондай-ақ, бір мәрте пайдаланылатын қасықтар мен шанышқылар (13 200 бірлік) және жастанғыштар (26 400 бірлік) салынған жәшіктер табылды. Алдын ала тергеу барысында әуе компаниясының лауазымды тұлғаларының кінәлі екендігі туралы дәлелдер жинақталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Атырау қалалық №2 сотының үкімімен «Бейбарыс» әуе компаниясының лауазымды тұлғалары ҚК-тің 234-бабының 2-тармағының 4, 5-тармақшаларында қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 500 АЕК (991 000 тең) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

50 485 783 теңге сомадағы заттай айғақ мемлекет кірісіне айналдырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 ақпан 2016, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.